$ 447.4  477.55  4.76

Cенат жыл қорытындысын шығарды

Бүгiн Сенаттың жалпы отырысы барысында парламент жоғарғы палатасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл бойы жүргiзiлген жұмыс қорытындыларын шығарып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесiмен құттықтады, деп хабарлайды BNews.

«Бiрнеше күннен кейiн парламент жаңа тарих беттерiн ашып, елiмiздің игiлiгi жолындағы биiк мақсаттарды орындауға қадам басады. Жалпы, биылғы жыл әлемдiк экономика мен халықаралық саясаттағы дүрбелең кезеңге қарамастан, жүзеге асырылған жұмыстардың қарқыны жағынан Қазақстан үшін ерекше жыл болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың басшылығымен дер кезiнде қабылданған көреген шешiмдер мен ұтымды iс-қимылдардың арқасында елiмiз нақты көрсеткiштерге қол жеткiздi. Парламент үкiметпен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргiзiп, заң шығармашылығына бағытталған шығармашылық мiндеттердi абыроймен атқарды. Биылғы жылы қабылданған 113 заң тұтастай алғанда елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық өрлеуiн көздейтiн стратегиялық бағдарламаларды iске асырудың берiк құқықтық негiзi», – дейдi Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенат төрағасы 2015 жылы жүйелi түрде жүргiзiлетiн жұмыстар күтiп тұрғанын атап өттi. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасын табысты орындау жауапкершiлiгiн де ескерттi.

«Елiмiзде жоспарланған iрi жобаларды заңнамалық қамтамасыз ету – бiздiң басты мiндетiмiз. Елбасы атап өткеніндей, халықтың әл-ауқатын жақсарту, өмiр сапасын күшейту – мемлекет үшiн аса маңызды мiндет. Сондықтан да әлеуметтiк саланың тұрақталуына қатысты өзектi мәселелердi ұдайы назарда ұстауымыз керек»,  деген парламенттiң жоғарғы палата спикерi ЕАЭО аясында ел мүддесiн заңнамалық тұрғыда қамтудың күн тәртiбiнен шет қалмауын тiлге тиек еттi.

«Қазiргi құбылмалы кезеңде сiздердiң мол өмiрлiк тәжiрибелерiңiз бен терең бiлiмдерiңiз мемлекеттi нығайту жолындағы қажеттiлiгi арта түсетiнi сөзсiз», – деп түйіндеді Сенат төрағасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары