$ 447.4  477.55  4.76

Қостанайда оқушылардың улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанай қаласындағы Қазақ-түрік лицейінде балалар астан уланған, деп хабарлайды 24.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер 7-8 сынып оқушылары. Барлығы 6 адам ауруханаға түскен. Қазір мектеп асханасында сынамалар алынып, тексеру жұмыстары жалғасуда. Аталған факті бойынша бүгін қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды, облыстық Ішкі істер департаменті қызметкерлері.

«Қазақ-түрік лицейі оқушыларының уланып қалу фактісіне байланысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 267-бабы «Санитарлық-эпидемологиялық тәртібін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қозғалған қылмыстық іс аясында сараптама тағайындалды», – ІДД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Әділбек Нұрмахин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары