$ 444.32  473.33  4.76

БҚО-да бруцеллез дерті белең алып барады

Батыс Қазақстан облысында сарып ауруына шалдыққан мал көрші облыстарға тасымалданып, сырқат басқа жерлерге де тарап кеткен. Бұл туралы прокурорлық тексеру барысында белгілі болды, деп хабарлайды «7арна».

Ветеринарлық қызметтің кем-кетігі тек бұл ғана емес. Малды есепке алу, сою орындарын қадағалау, арудың алдын алудың түрлі шараларын жүргізбегендігі тағы бар. «Соның салдарынан бруцеллезге шалдыққан мал басы өткен жылға қарағанда биыл 14 пайызға өсіп отыр», – дейді прокуратура өкілдері. 

«Соңғы екі жылда аталған аурудың салдарынан 13 мың бас ірі қара мал сойылды. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметтері тарапынан бақылаудың болмауынан мал арнайы пункттерде мәжбүрлеп сойылмайды. Сонымен қатар 2013-2014 жылдарда көрші облыстарға 1 мыңнан астам ауру мал басын шығару фактілері анықталды», – Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Халидулла Дауешов

Сонымен қатар тексеру барысында ауру малдың жан-жаққа таралуына жол берген 382 тұлғаны әкімшілік жауапқа тартуы тиіс ветеринарлардың міндетін орындамағаны белгілі болды.

Бұдан бөлек, мал дәрігерлері 2 мың бас ірі қараға жалған екпе егу туралы хаттама толтырған. «Соның салдарынан қазір бруцеллез дерті адамдар арасында да кеңінен таралып келеді», – дейді құзырлы орган өкілдері. Қазір осы фактілер бойынша прокурорлар 3 бірдей қылмыстық іс қозғап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары