$ 443.85  474.3  4.8

Ақмола облысында психоневрологиялық мекеменің медбикесі өз қызметін асыра пайдаланған

Ақмола облысында психоневрологиялық мекеменің медбикесі екі емделушіні өз үйіндегі шаруашылық жұмыстарын істеуге күштеп мәжбүрлеген деп хабарлайды, Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша,   ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Бұланды ауданындағы ауылдардың бірінде заңсыз бас бостандығынан айыру оқиғасын анықтады.

«Полицейлерге белгілі болғандай, 1968 жылғы ауыл тұрғыны психоневрологиялық мекемеде жұмыс істей отырып, осында емделіп жатқан психологиялық аурумен сырқаттанатын 1974 және 1980 жылғы екі ер адамды 2014 жылдың қыркүйегінен желтоқсан айы аралығында өз үйінің аумағындағы шаруашылық жұмыстарын істеуге күштеп мәжбүрлеген», –делінген хабарламада.

Сонымен қатар күдіктінің үстінен ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлімі (заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары