$ 444.22  476.38  4.82

Астанада ең үлкен мұз айдыны ашылды

Бүгін Ақбұлақ өзенінде ең үлкен мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz Астана қаласының әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл мұз айдынының ауданы ұлғайтылып, 32 000 шаршы метрді құрады. Айдында бір уақытта 5 мыңнан астам коньки тебу мүмкіндігі бар. 

Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағынның айтуынша, айдын аумағында конькиді жалға беретін 13 бекет орналсқан. Сондай-ақ, осы тектес мұз айдын «Жерұйық» паркінде де бар, ал қалалық мектептердің жанында 9 айдын жұмыс істейді. 

Жалға беру бекеттерінде 2 мыңнан астам коньки бар, жалға алу құны – сағатына 500 тг. Ең кішкентай келушілер үшін жеке айдын жасалды. Жыл сайын Ақбұлақ өзенінде ашылатын мұз айдыны көптеген астаналықтың демалысын таза ауада өткізетін сүйікті орнына айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары