$ 498.34  519.72  4.85

Ташкентте тағы бір жас жігіт құрдастарының қолынан қаза тапты

25 жастағы ташкенттік кәсіпкерді құрдастары жауыздықпен өлтірген деп жазады centralasian.org. Айта кету керек, маусым айының басында өзбек астанасында 18 жастағы колледж студентін құрдастары соққыға жығып өлтірген еді.

Юнусабад ауданы ішкі істер басқармасы қызметкерінің хабарлауынша, қылмыс 29 маусымда Ташкент орталығында тіркелген.

"Бұны тұрмыстық қылмысқа жатқызуға болады. 23 және 24 жастағы екі жігіт 25 жастағы құрдасын ұрған. Басы қатты зақымданған жігіт төрт сағатқа созылған хирургиялық операциядан соң ауруханада көз жұмды. Күдіктілер ұсталды. Қазір оларды тергеп жатыр. Күдіктілердің бірі жасаған қылмысын толықтай, ал екіншісі жартылай мойындаған", - деді ол.

Оның айтуынша, кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, оның өліміне қатысты күдіктілер сот алдында жауап береді. Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, марқұм Акмал Әбдірахманов Ташкент заң колледжінің түлегі болған.

Еске салайық, Ташкент медициналық колледжінің 18 жастағы студенті Жасур Ибрагимовты биыл мамырда курстастары ұрып өлтірген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары