$ 444.22  476.38  4.82

Нұрсұлтан Назарбаевтың автотұрағында көліктер соқтығысты

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда екі көлік соқтығысты. Болған жайттың фотосуреттерін куәгерлер әлеуметтік желілер арқылы таратуда.

Анықталғандай, жол көлік оқиғасында Hyundai Tucson мен Toyota Land Cruiser Prado көліктері соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, Тойота жол талғамайтын көлігі аударылып қалған.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Қос көлікте болған жүргізушілердің ешбірі жарақат алмапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары