$ 444.22  476.38  4.82

Елордада жаяу жүргіншілерге 188,5 млн. теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері жолдан өту ережелерін бұзғаны үшін 20 мыңнан астам жаяу жүргіншіге 188,5 миллион теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Сонымен қатар, 4,5 мыңнан артық жүргізуші жаяу жүргіншілер жолынан өту ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төледі. 

Әр жұма сайын Астана қаласы ІІД ӘПБ жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол апаттары жиі орын алатын жерлерді бақылап, жаяу жүргіншілермен профилактикалық жұмыстар жүргізеді, азаматтарды жолдарда қауіпсіздікті сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. ЖҚЕ жиі бұзатын адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Апта сайын жұма күндері өткізілетін дәстүрлі «Жаяу жүргінші» операциясының мақсаты ‒ жолдарда апаттылықты азайту, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелінен өткенде жүргізушілердің жол қауіпсіздік ережелерін бұзушылығының алдын алу және жолын кесу болып табылады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары