$ 445.66  474.58  4.78

Ақтауда «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының дивизионына әскери тулар тапсырылды

Ақтау қаласында Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының үш бірдей дивизионына салтанатты жағдайда әскери тулар тапсырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков 2201А әскери бөлімінің командирі II рангілі капитан Ерхан Рысқалиевке, 2201Б әскери бөлімінің командирі II рангілі капитан Ақылбек Исламғалиевке және 2201Г әскери бөлімінің командирі I рангілі капитан Талғат Төребаевқа әскери туларды салтанатты жағдайда тапсырды.

Аталған бөлімдерге әскери тулар Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғары бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан тапсырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы әскери тудың мән-мағынасына, оның ішінде ол жауынгерлік ар мен намыстың белгісі болып саналатындығын, осы тудың астында жауынгерлер Отан қорғау жолында батылдық пен батырлық көрсететіндігін, қасиетті борышын осылайша атқаратындығын атап өтті.

Бүгінгі таңда Әскери ту дегеніміз – алдыңғы буын ағалардың ел қорғау жолындағы ерліктерінен де сыр шертетіндігі айтпаса да түсінікті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары