$ 498.34  519.72  4.85

Астанада бір күнде 38 жұп некелерін қимақ

Осы жылы Астана күні шаңырақ көтеретін жас жұбайлардың неке қию рәсімі 5 шілде күні «Атамекен» қорған кешенінде өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Салтанатты рәсімге қатысушыларды ұмытылмас мәдени-ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұр. Тегін фото, видео түсірілім, фуршет ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар беріледі. Қуанышты шара тойдың міндетті нышанына айналған - көкке ақ көгершіндерді, шарларды ұшырумен жалғасады. Тосынсыйлар да жасалады.

-Биыл салтанатқа 18 жастан бастап жастар және де ересек жұптар 65, тіпті 68 жастағы адамдар қатысады. Бізде белгілі бір таңдау жоқ. Барлық қалаған адамдарды қабылдаймыз. Астана күні өзінің некесін тіркегісі келетіндердің барлығы жобаға қатысады. Ол үшін бар болғаны АХАТ бөлімдеріне барып, некелерін тіркеу жөнінде өтініш білдірсе, жеткілікті, - дейді медиа орталық тілшісіне жоба ұйымдастырушысы Гүлнар Сағындықова.

Г.Сағындықова атап өткендей, биыл жобаға 10 жыл толады. Осы жылдар ішінде оған 500-ден астам жұп қатысқан.

-10 жыл дегеніміз – былай қарасаңыз, көп уақыт емес, бірақ аз деп те айтуға болмайды. Осы күні тіркелген жұптардың ішінде ажырасқандары жоқ. Неге? Өйткені, бұл бүкіл ел алдында үлкен жауапкершілік. Мен бұл жұптар ең бақытты деп санаймын, - деп жалғады сөзін Сағындықова.

Ұйымдастырушылар жас жұбайларға сыйлықтар табыстап, Түркия мен Бурабайға жолдама ойнатады. Сонымен қатар, жаңа жанұялар дәстүр бойынша елорда тарихында өз іздерін Астанаға арналған естелік кітабына тілек жазумен қалдырады.

-Бізде 2008 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан барлық жас жұбайлардың тілегі жазылған кітап бар. Бұдан бөлек, жастарға неке қию туралы куәлігі мереке символымен табысталады. Концерттік бағдарлама ұсынылады деп көзделуде. Сыйлықтар мен тарту-таралғыларымыз да бар. Бұл – Түркия мен Бурабайға жолдама және теледидар. Әр жұпқа той гүлі беріледі, - деді жоба ұйымдастырушысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары