$ 444.22  476.38  4.82

Астананың дәл ортасында көлік көпірден Есілге құлап кетті

«Chevrolet aveo» автомобилі Тұран көшесіндегі көпірден құлап кетті, деп жазады «ҚазАқпарат».

«3 шілде күні сағат 02.00-де «Chevrolet aveo» маркалы автомашинаның жүргізушісі рулге ие бола алмай Тұран көшесіндегі көпірден өзенге құлап кетті. Зардап шегушілер жоқ», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова. Оның ақпараты бойынша, көлік арнайы техниканың көмегімен өзеннен шығарылған. «Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды», - деді Софья Қылышбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары