$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

Қазақстанның басым аумағы жоғары қысым ықпалында болатындықтан ауа температурасы төмендеп, күн ашық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың шығысы мен батысында атмосфералық ағымдардың өтуінен құбылмалы күн райы сақталады, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді.

Астанада түнде -23...-25, күндіз -11...-13°C, күн ашық болады, көшпелі бұлт шығып, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Алматыда түнде -3...-5, күндіз 7...9 градус нөлден жоғары, көшпелі бұлт шығады. 

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25 м/с-ке жетеді. Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда. 

Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп 15-20 м/с жел соғады, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25-28 м/с-ке жетеді, жекелеген аудандарда боран соғып, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде боран соғады.

Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде және таңертең Павлодар, Ақмола облыстарында боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерін тұман басады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары