$ 439.43  473.31  4.82

Ақмола облысында боранда адасып қалған 3 оқушы табылды

Ақмола облысында боранда адасып қалған 3 сынып оқушылары табылып, ата-аналарына тапсырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің хабарлауынша, желтоқсанның 26-ы күні Ерейментау аудандық ІІБ Еркіншілік ауылынан 9 жастағы 3-ші сыныпта оқитын үш баланың жоғалып кеткені жөнінде ақпарат түскен. Кейін белгілі болғандай, балалар өздерінің бірге оқитын сыныптастарының үйінде болып, сағат 16:00 шамасында шығып кеткен. Содан бері оларды ешкім көрмеген.

Осыған байланысты әкімдік, мектеп ұжымы мен ата-аналары және 40-тан астам полицейлер мен құтқарушылар тартылып, ауыл маңын түгел сүзіп шыққан.

Нәтижесінде түнгі 22:25 шамасында адасқан балалар ауылдан 3 шақырым жердегі саяжайдан табылды. Дәрігерлер балалардың денесінен ешқандай жарақат пен үсік шалу белгілерін анықтамады. Олардың барлығы дін-аман ата-аналарымен қауышты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары