$ 498.34  519.72  4.85

Тәжік билігі өлтірілген азаматтың ДАИШ-пен қатысы бар екенін айтты

Тәжікстанның ішкі істер министрлігінде арнайы полиция жасағының (ОМОН) командирі болған, қазір "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының жетекшілерінің бірі Гулмурод Халимовтың туыстары Чубек ауданындағы тәжік-ауған шекарасын кесіп өтпек болған. Бірақ оларға милиция қызметкерлері кедергі жасаған деп хабарлайды Тәжікстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасаған Азаттық тілшілері.

Пяндж өзенінің ар жағында экс-командирдің туыстарын «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары күтіп тұрған. Дереккөзге қарағанда, Халимовтардың көршісі әрі алыс туысы Насим Рахматов Ауғанстандағы ИМ содырларымен байланыста болған. Гулмурод Халимовтың бауырлары бақылауда болғаннан кейін, ИМ-мен барлық келіссөздер Насим Рахматовқа жүктелген дейді дереккөз.

Ағайынды Халимовтар 4 шілдеде екі көлікпен Хамадони ауданына қарай жүрген. Оларды ұстау операциясына Душанбе қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері қосылған. Ағайынды Халимовтар алдымен Чубекке дейін тіке баруға тәуекел етпей, таулардың арасымен жүрген. Бірақ Ибрати қышлағында оларды милиция қызметкерлері тосып тұрған.

Ол жерде милиция қызметкерлері мен Халимовтың туыстары арасында қақтығыс болған. Дерекке қарағанда, 53 жастағы Султонмурод Халимов, оның немере інісі Фозил Халимов және екі ауылдасы Афзал Абдурашидов пен Насим Рахматов қаза тапқан. Үш адам ұсталған. Арнайы операция кезінде милиция қызметкері Али Халимов пышақ жарақатын алған. Ол қазір ауруханада жатыр.

Полковник Гулмурод Халимов 2015 жылдың сәуір айында із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Мамыр айында ол Сирияда екенін айтып видео мәлімдеме таратты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары