$ 447.4  477.55  4.76

Өзбекстанда ет қымбаттағаннан кейін тұрғындар оны граммен сатып алып жатыр

Өзбекстанда соңғы айда ет бағасы 20 пайызға қымбаттады деп жазады centralasian.org. Бүгінде базарларда сиыр еті бір килограмы үшін - 28 мың сум (7 доллардан асады) болса, қой еті - 33-38 мың сум.

Ташкентте ет бағасы өткен айдан бері қымбаттай бастаған. "Корзинка" супермаркеттер желісінде еттің сүйегі 38 мың сумнан асады. Егер тек етін аламын десеңіз, одан да қымбат. Сондықтан біз етті тек грамдап аламыз. Бізде басқа басқа амал жоқ", – дейді зейнеткер Мастура апа.

Ет сатумен айналысатын Бунёдбек есімді кәсіпкер еттің бағасының өсуіне, жемнің қымбаттауы себеп болды дейді.

Сарапшылардың пікірінше, өзбек валютасының құнсыздануы ет бағасының қымбаттауына себеп болған.

«Қазір "қара базарда" 1 доллардың бағамы 8,5 мың сум. Егер доллар өссе, еттің құны да көтеріледі. Егер етті Қазақстаннан, Қырғызстаннан әкелсе, әрине доллармен қымбат болады», – дейді әндіжандық кәсіпкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары