Жаңалықтар 29.12.2014 сағат 04:38

WTA рейтингі: Зарина Дияс 2014 жылды 33-орында аяқтады

Зарина Дияс 2014 жылды Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде 33-орында тұрақтап аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы бүгін, 29 желтоқсан күні WTA-ның 2014 жылғы рейтингісінің соңғы нұсқасы жаңартылған соң белгілі болды. 21 жастағы қазақстандық теннисшінің рейтингтің аталған сатысына 10 қарашада көтерілгенін атап өту керек. Бұл Зарина Диястың спорттық жолындағы үздік жетістігі болып табылады.

Үздіктер «жүздігіне» кіретін Қазақстанның тағы бір өкілі Ярослава Шведова 65-ші орында тұрақтады. Юлия Путинцева 115-ші орында тұрса, Галина Воскобоева биылғы жылды 259-шы орынмен аяқтады.

WTA рейтингі. ТОП-10. 29желтоқсандағы нұсқасы:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 8485 ұпай,

2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 7050,

3 (3). Симона Халеп (Румыния) - 6292,

4 (4). Петра Квитова (Чехия) - 5966,

5 (5). Ана Иванович (Сербия) - 4820,

6 (6). Агнешка Радваньска (Польша) - 4810,

7 (7). Эжени Бушар (Канада) - 4715,

8 (8). Каролина Возняцки (Дания) - 4625,

9 (9). Ангелика Кербер (Германия) - 3480,

10 (10). Доминика Цибулкова (Словакия) - 3052.

Естеріңізге сала кетейік, америкалық теннис шолушысы Мэтт Кронин Зарина Диястың өткен маусымның ішіндегі қол жеткізген жетістіктерін бағалап, Қазақстанның бірінші ракеткасы үлкен жылдамдықпен алға озғанын айтты. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар