Алматыда «Lexus» көлігі жаяу жүргіншілерді қағып кетті деп жазады ҚазАқпарат. Жол апаты «Алматы Арена» спорт сарайы маңында болған.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, «Lexus» Момышұлы көшесімен жоғары жылдамдықта жүйіткіп келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан бір отбасыны қағып кеткен. Соққы әкесі мен қызына тиген, анасы мен ұлы аман қалды. Үйдің отағасын ауыр жағдайда жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Ал, бойжеткен ауруханаға жатудан бас тартты.
«Lexus» жүргізушісі мас болмағандығы анықталды. Қазір полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.