$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да оқушы қыз жұмбақ жағдайда өзіне қол жұмсады

Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданы Талдыапан ауылында тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол салды, деп жазады sputniknews.kz.

Қайғылы оқиға 5 шілде күні болған. Қыз сол күні құрбыларының бәріне барып шығып, үйге келгесін асылып қалған. Қыз өзіне-өзі қол жұмсардан бұрын, хат жазып қалдырыпты. Хатында "қара адам — ажал" бұрыннан шақырып жүргені жазылған. 

"Өзім асылып қалмасам, жақындарымды алып кетеді. Тіпті қазір қасымда асықтырып тұр, сондықтан дұрыстап жаза алмай отырмын. Менің өліміме ешкімді айыптамаңдар", — делінген хатта.

Басылым атап өткендей, қыздан бөлек отбасында тағы бес бала бар. Өзі сабақты жақсы оқыған екен, 8 шілдеде достарымен бірге Астанаға ЭКСПО көрмесіне баруы тиіс болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары