$ 447.4  477.55  4.76

Павлодарда тұрғындар сүттің сапасына шағымдануда

Павлодар қаласында тұрғындар қағаз қаптамадағы сүттің сапасы төмендеп кеткенін алға тартып, өнімнің сапасына күмәнданып отыр деп хабарлайды Skifnews.kz  «Звезда Прииртышья» басылымына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті мамандардың айтуынша, сүт өнімдерін әзірлеу кезінде түрлі қосымшаларды пайдалануға жол берілмейді. Десе де өнім табиғи шикізаттан жасалатынын алға тартып, қаптамадағы сүттің құрамына назар аудару қажеттілігін ескертеді. 

«Павлодардағы қоғамдық тамақтандыру орындарындағы сүт өнімдерінің сапасы да жоспарлы түрде тексеріледі. Қазіргі таңда сүт тағамдарының құрамында денсаулыққа зиянды заттар тіркелген жоқ», – дейді ведомство басшысы Ирина Сорокина.

Мамандардың мәліметінше, өнімнің табиғилығы оның құрамында кездесетін құрғақ майсыз сүттің мөлшерімен анықталады. Оның көлемі 8%-дан болмауы керек. Майсыз құрғақ сүттің құрамында ақуыздың  –  40%, сүт қантының  –  52% және минералды заттардың 8%-ы болуы шарт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары