$ 446.49  475.38  4.79

Астанаға күніне 60 мың автокөлік кіріп-шығады

Астанаға күнделікті кіретін және шығатын көліктердің саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артып, 60 мыңға жетті, тиісінше жол апаттарының саны ұлғайды,  деп хабарлайды Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері тіркелген автокөліктердің саны – 285 451, ал өткен жылы бұл көрсеткіш – 271 164 болған, яғни көліктердің саны – 14 286-ға немесе 5,3 пайызға артты.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Астана қалалық ішкі істер департаментінің жол-патруль полициясы жүргізген бір апталық жол қозғалысын бақылау кезінде 3,5 мың жүргізуші жолда жүру ережесін бұзған. Жолда жүру ережесін өрескел бұзғандардың кесірінен жол апаттары көбейіп, адам шығыны да ұлғайған.

Жолда жүру ережесін бұзғандардың 137-сі базып озып немесе басқа да маневр жасаған, ал 205 жүргізуші арнайы белгіге қарамастан, жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Сонымен қатар, 535 жаяу жүргінші жолда жүру ережесін бұзды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары