Астанадағы "ақылды үй" саналатын Highvill тұрғынүй кешенінде өрт шығып, салдарынан Нигерия мен Ұлыбритания елдерінің азаматтары қайтыс болды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
"Оқиға орнында 1953 жылғы Нигерия азаматының, 1963 жылы туған оның әйелінің (Ұлыбритания азаматы) және 17, 8 жастағы кәмелетке толмаған екі баланың мәйіттері табылды, – делінген аталған хабарламада.
Полицейлер тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтып отыр.
Айта кетейік, оқиға бүгін таңғы бес шамасында орын алған. Осыдан бірнеше күн бұрын дәл осы тұрғынүй кешеніндегі пәтерлердің бірі өртенген болатын. Ол кезде абырой болғанда адам шығыны болмады.