$ 498.34  519.72  4.85

Шотландияда бүтін бір арал 5,6 млн долларға сатылып жатыр

Шотландия жағалауындағы Ішкі Гебрид архипелагына қарасты Алва аралы 4,25 миллион фунт стерлингке (5,6 миллион доллар) сатылып жатыр. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды.

Аралда үлкен зәулім үй мен шіркеу, мейрамхана және тағы сегіз нысан — коттедждер мен аңшылар үйі бар. Аралдың жер көлемі — 1,8 мың гектар, ұзындығы — 12,07 км, ені — 4,02 шақырым. 1945 жылдан бері арал Ховардтар әулетіне тиесілі болып келген. Ал, оны сату жұмыстарымен Knight Frank компаниясы айналысуда.

Айта кету керек, Алва аралы атақты ағылшын жазушысы Вальтер Скоттың «Аралдар әміршісі» деген поэмасының жазылуына себеп болған. Бұл аралда сондай-ақ, танымал африкалық зерттеуші, миссионер Давид Ливингстон да біраз жыл өмір сүріпті. Қазіргі Елизавета патшайым әлі таққа отырмаған кезінде — 1950 жылы осы Алва аралына саяхаттап келіп кеткен. Бүгінде аралдың небәрі 11 тұрғыны бар.

Алва жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне де өте бай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары