$ 498.34  519.72  4.85

Ердоған Түркия жауларының басын алатынын мәлімдеді

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған өзінің жауларының қатарында діндар-оппозиционер Фетхулла Гүлен мен оның жақтастарын және Күрдістанның жұмысшылар партиясы бар екенін мәлімдеді деп жазады Reuters.

"Біз ФЕТО-ның (Фетхулла Гүленнің террористік ұйымы) артында, Күрдістан жұмысшылар партиясының артында кімдердің тұрғанын жақсы білеміз. Біз алдымен нөкерлердің көзін құртпай, корольдар мен шейхтарды жеңе алмаймыз. Біз бұл сатқындардың басын аламыз", - деді Ердоған.

Ол сондай-ақ, елде өлім жазасын қайта енгізуді қос қолдап қолдайтынын да мәлімдеді. Тек, бұл заңды алдымен парламенттегілер мақұлдауы тиіс.

Еске салайық, Түркияда былтыр 15 шілде күні мемлекеттің әскері төңкеріс жасамақ болған еді. Алайда, полиция мен халық бұл революцияны болдырмай, басып-жаншыды. Салдарынан, 265 адам қаза тауып, 1,5 мыңдайы жараланды. Ал, осы жайттан кейін Фкетхулла Гүленге қатысы бар деген күдікпен 6 мыңнан астам ұсталып, түрмеге қамалды. 7 мың мемқызметкер жұмыстан қуылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары