$ 447.4  477.55  4.76

АҚШ-та 21 мысықты өлтірген тұрғын 16 жылға сотталды

Калифорния тұрғыны Роберт Рой мысықтарды азаптап өлтіргені үшін 16 жылға сотталды деп жазады USA Today.

Үй жануарлары Калифорнияда 2015 жылдың басынан бері жоғала бастаған. Ал, оны іздеген иелері арада бірнеше күн өткеннен кейін мысықтардың тек өлекселерін ғана тауып отырыпты.

Полицейлер мысықтарға қырғидай тиген қаскөйді 1 айдың ішінде ұстады. Осы уақыт аралығында ол 21 жануарды бауыздап тастаған. Оның көлігін тексеру барысында полицейлер бір мысықтың өлексесі мен қанға бөккен пышақты тауып алыпты. Артынша Роберт Рой қамауға алынып, бір жылдан астам уақыт тергеу мен сот процесі жүргізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары