$ 444.22  476.38  4.82

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Еліміздің кей өңірлерінде қар жауып, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан,  Атырау және Маңғыстау облысының облысында көктайғақ болып, бұрқасынды жел  (15 -20 м/с) тұрады.

Алматы облысының кей аудандарында желдің жылдамдығы 20-25 м/с, күндіз жел екпіні 28 м/с дейін күшейеді, түнде кейбір жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде түнде, күндіз кейбір жерлерінде бұрқасын жел (15-20 м/с) соғып, кейбір жерлерінде тұман болады.

Қостанай облысының және Қарағанды облысының кейбір жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады

Павлодар облысында және Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының кейбір аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, таңертең және күндіз жел (15-20 м/с) тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары