$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда тұманның салдарынан 10 авиарейс тоқтатылды

Ал Астана қаласының әуежайында үш бағыттағы рейстер кешіктірілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде елорда әуежайында Астана-Қызылорда, Астана-Өскемен және Астана-Атырау бағыттарындағы рейстер кешіктірілуде. 

Алматыда қалың тұманның кесірінен 10 рейс тоқтатылды, 5 рейстің ұшатын уақыты кейінге шегерілді, Нақты айтар болсақ, тұман салдарынан Алматыдан Мәскеу мен Көкшетауға ұшатын екі рейс кейінге қалдырылды. Дубай, Үрімжі, Франкфурт және 3 Алматы-Астана бағытындағы рейстер тоқтатылды.

Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының сайтында жарияланды.

Өскемен, Астана, Куала-Лумпурдан Алматыға келетін, Франкфурттан Алматыға келуі тиіс 3 рейс тоқтатылды. 

Ұшу режимі тұман сейілген соң қайта қалпына келтіріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары