$ 448.89  477.93  4.76

Жаңа жыл мерекесі күндері мыңнан астам елордалық полицей қоғамдық тәртіпті күзетеді

Жаңа жыл мерекесі күндері 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін, сондай-ақ 7 қаңтарда православиелік Рождество мерекесі күні Астана қаласының ІІД жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік іс-шараларды өткізу бағдарламасын ескере келе, қоғамдық тәртіпті қорғауға мыңнан астам полиция қызметкері, 200-ден артық қызметтік көлік тартылады. Оқиға орындарына уақытылы бару үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылды. Көшелер мен қоғамдық орындарда, әсіресе, кешкі және түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда патрульдік және әскери нарядтар тығыздығы ұлғайтылмақ. 

Қалада қондырғылар мен сыртқы безендіруді сақтау мақсатында сахналарды, мәдениет және спорт нысандарын қорғау қамтамасыз етіледі. «Рубеж» жүйесінің стационарлық бекеттерінде шыршаларды, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді және басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз әкелуді бақылау күшейтілді.

Орман қорғау органдарымен бірлесіп қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз шабу және сату фактілерін болдырмау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Сертификатталмаған пиротехникалық өнімнің заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған «Пиротехника -2014» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Мерекелік отшашулар өтетін орындарда қауіпті аймақтар қоршауға алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары