$ 444.22  476.38  4.82

Головкин өзінің сауда маркасын шығармақ

Талай сыннан сүрінбей өткен қазақстандық боксшының есімі кәсіби рингте көпшілікке танылды, деп жазады sports.kz.

2014 жылы Головкин 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жетті. Ол кәсіби рингте 31 кездесуге шығып, оның барлығында жеңімпаз атанған.  

«Бұл жеңістер - ұдайы жаттығулар, қатаң тәртіп, дұрыс режімнің сақталуы және алдына қойған мақсатты басты рөлге қоюдың жемісі», –  дейді Головкин. Сонымен қатар өз командасы мен жанкүйерлерінің қолдау көрсетуі де оң әсер ететінін жеткізді.  

Жуырда көпшілікке GGG деп танылған боксшы Астанада жанкүйерлерімен кездесті. Онда алдағы жоспарымен және өзге де көптеген қызықты ақпаратпен бөлісті.   Атақты боксшы ұлының оның жолын қуғанын қаламайды екен. Геннадий болашақта Қазақстанда   кәсіби бокс академиясын ашуға және ірі бокс кеші аясында елордада жарыс өткізуге ниетті. 

«Біз Геннадий Головкиннің сауда маркасын тіркедік. Қазір соның аясында жұмыс жүргізудеміз. Өйткені стратегиясыз тауар шығарғымыз келмейді. Алғашқы партияны 2015 шығаруды көздеп отырмыз», – деді боксшының менеджері Олег Герман Астанадағы баспасөз-конференцияда.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкиннің алғашқы кездесуі 2015 жылы 21 ақпанда Монте-Карлода   өтеді.  Онда боксшы ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен күш сынаспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары