$ 442.05  474.14  4.74

Ақмола облысында сот орындаушылар бір жылда 1,7 млрд теңге өндірген

Ақмола облысының сот орындаушылары 2014 жылы мемлекет қазынасын 1,7 млрд теңгеге толықтырды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Біздің сот орындаушылар күн сайынғы рейдтік шаралардың арқасында 1 787 067 986 теңге өндіріп алды. Өндірілген қаржының негізгі бөлігі – әкімшілік айыппұлдар мен алименттер», ‒ дейді Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Абзал Алпысбайұлы.

Оның айтуынша, жыл қорытындысы бойынша 30 107 атқару құжаты орындалған. 

«Алайда атқару құжаттарының саны жыл сайын артып келеді», –  дейді Абзал Алпысбайұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары