$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстанда Кеден Одағынан тыс елдерге мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды

Қазақстанда 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден Одағынан тыс мемлекеттерге мұнай өнімдерін тасымалдауға 6 айға тыйым салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен Кеден Одағының кеден шекарасынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасының тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистиляттар мен тауарларды (КО СЭҚ ТН коды 2710 12), орташа дистилляттар, керосиндi, газойлдарды, дизель отынын (КО СЭҚ ТН коды код ТН ВЭД ТС 2710 19 110 0 – 2710 19 290 0, 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0) және басқа мұнай өнімдерін (код ТН ВЭД ТС 2710 20 900 0) әкетуге алты ай мерзiмге дейін тыйым салынады», ‒ делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. 

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің тапшылығына және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 18 тармағына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарттың 7 қосымшасының 10 тарауына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап бұйрық өз күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары