$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда шипажайда демалып жатқан жас жігіт із-түссіз жоғалып кетті

Алматыдағы «Көктем» шипажайында анасымен бірге емделіп жатқан 1993 жылы туған Алмат Қорғанды ата-анасы таба алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 2017 жылдың 6 шілдесі күні кешкі сағат 20:26-да «Көктем» шипажайы ауласынан шығып кеткен. Оның шыққаны бейнебақылау камерасына түскен.

«Балам анасымен емделіп жатқан. 3 балам бар. Алмат - үйдің кенжесі. Ол 1993 жылдың 28 қарашасы күні дүниеге келген. Бойы 170-175 см. Сол күні қара футболка, қара спорттық шалбар, басында ақ түсті бас киім киген болатын. 7 шілде күні Бостандық ауданы ІІБ қызметкерлері келіп мәліметтер алды. Бостандық ауданы полицейлері 7 шілдеден бері іздеп жатыр, қаладағы арухана, мәйітханалардың барлығына ақпарат жолдады, әзірге ешқандай хабар жоқ. Балаларым Ремизовка ауданындағы жеке коттедждерге барып ақпарат сұрады, олар бейнекамераларын көрсетуден бас тартып отыр», - дейді Алматтың әкесі.

Оның айтуынша, ол бұған дейін де үйден кетіп қалған екен. «Осыдан 5 жыл бұрын жоғалып кетіп, 1 аптадан кейін Қостанайдан табылған болатын. Онда қалтасында жеке куәлігі, ақшасы болған. Бұл жолы ештеңесі жоқ. Барлық құжаты шипажайда қалған. Анасына кешке таза ауа жұтып қайтамын деп шыққан. Артынан ілесіп анасы де 5 минуттан кейін шыққан, бірақ таба алмаған. Мінезі тұйық, үйдің шаруасын жасағанымен, жұмыссыз», - дейді Сәбит Қорған.

Алмат Қорғанның ата-анасы ұлы туралы қандай да бір ақпарат болатын болса, 87750007761, 87013896114 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары