Жаңалықтар 01.01.2015 сағат 06:57

Малайзиялық AirAsia ұшағы апатынан ажал құшқандардың денелері Сурабая қаласына жеткізілді

Индонезияның Сурабая қаласына AirAsia әуе компаниясының «Аэробус А320» ұшағының Яван теңізіндегі құлаған аймағынан табылған алғашқы екі адамның денелері жеткізілді, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелерінің туыстарынан қаза тапқандарды сәйкестік белгілері бойынша анықтау үшін ДНК сынамаларын беру талап етілді. 

Естеріңізге сала кетейік, әуе диспетчерлік қызметі Малайзияның Air Asia әуе компаниясының индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурге ұшып шыққан ұшағымен байланысты 40 минуттан кейін жоғалтып алған.

Индонезиялық іздестіру операцияларының жетекшісі Бамбанг Сулистио әзірге жеті адамның денесі табылғанын мәлімдеді. Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақта қатты жел тұрып, күшті толқындар оған кедергі келтіруде. 

Сурабаяда аталмыш ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алуға орай қаралы шаралар ұйымдастырылады. Шығыс Ява провинциясының губернаторы барлық жаңажылдық шаралардың өткізілмейтінін айтты. 

Әзірге апаттың орын алу себептері белгісіз. Ұшақтың сынықтары мен опат болғандардың денелері Борнео провинциясындағы Пангкаланбунадан оңтүстік-батысқа қарай Каримат бұғазынан табылды.

Әуе көлігінің ішінде 162 адам болған, олардың арасында Корея Республикасының үш азаматы, бір сингапурлық азамат және Малайзияның бір тұрғыны болған, қалған 157-сі - Индонезияның азаматтары.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар