$ 444.32  473.33  4.76

ҚХР соты өлім жазасына кесілген соң ақталған ер адамның отбасына 330 мың доллар төлейді

ҚХР-дың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономдық округінің соты жасамаған қылмысы үшін 18 жыл бұрын өлім жазасына кесіліп, желтоқсанның ортасында ақталған ер адамның отбасына өтемақы ретінде 330 мың доллар төлейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ішкі Моңғолия соты 15 желтоқсанда Хуугжилт (Huugjilt) есімді ер адамды ақтап, ата-анасынан кешірім сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 1996 жылдың сәуір айында танысымен бірге жүрген Хуугжилт Хух-Хото қаласындағы қоғамдық дәретханалардың бірінен әйел адамның мүрдесін тауып, бұл туралы полицияға хабарлаған. Сол жылдың мамырында сот ол кезде 18 жастағы жігітті адам өлтірді деп айыптаған. Жас азамат өлім жазасына кесілді, сот үкімі 1996 жылдың маусымында орындалды. 2005 жылы тәртіп сақшылары бұл әйелді өлтіргенін мойындаған ер адамды ұстаған. 2014 жылдың қараша айында сот Хуугжилттің ісін қайта қарауға кірісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары