Алматының орталық көшелерінің бірінде Subaru Tribeca көлігін мінген әйел бағдаршамнан бұрыламын деп, 5 бірдей адамды қағып кетті және жол бойында тұрған Honda CR-V көлігін барып соққан. Бұл туралы patrul.kz порталы хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, жол көлік оқиғасы Береговой мен Жандосов көшелерінің қиылысында орын алған. Көлікті тізгіндеген әйел бағдаршамның жанып-өшіп тұрған жасыл түсінен солға бұрылмақ болып, жолдан өтіп бара жатқан 5 адамды қағып кеткен. Артынша тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Honda CR-V көлігіне соқтығысыпты.
Оқиға салдарынан 5 адамның бәрі жарақат алды. Олардың екеуі кішкентай бала. Тағы екі әйел ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді.