$ 448.15  483.46  4.86

Египетте жоғалған 6 қазақ жігіті табылды

Египетте із-түссіз жоғалып кеткен Қазақстанның алты азаматы табылды деп хабарладйы Tengrinews.kz ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

"Қазір ғана қолға тиген сенімді ақпараттарға сәйкес, Каирде тіл курсына оқуға барған Қазақстанның алты азаматын Египеттеің құқық қорғау органдары ұстаған. Олар қазір осы елдің аумағында отыр. Денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Жайнақов.

Қазіргі таңда Қазақстанның Мысырдағы елшілері қазақстандықтардың не үшін қамауда отырғанын және нақты қайда екенін сұратуда.

"Жақын уақытта Египеттегі Қазақстан елшісі мен осы елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары кездесіп, аталған мәселелер бойынша сөйлеседі. Осы кездесуден кейін толыққанды ақпарат берілмек", - деп сөзін түйді ҚР СІМ өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары