$ 444.32  473.33  4.76

Ғалымдар ұйқысыздықты жеңуге көмектесетін көзілдірік шығарды

Австралиялық ғалымдар ұйқысыздықты жеңуге көмектесетін көзілдірік ойлап тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар бұл құрылғы ұшақпен жиі ұшатын, түнгі уақытта жұмыс істейтін және маусымдық жайсыз өзгерістерді көтере алмайтын адамдар үшін таптырмас құрал екендігін тілге тиек етеді. Ерекше көзілдірік Re-timer деп аталады.

Ол сәуле мен фототерапияны адамға қай кезде ұйықтауды және оянуды білдіретін ішкі реттеу қызметі ретінде пайдаланады. Бұл құралдың бағасы шамамен 300 доллар тұрады.

«Бұлар ‒ өте кішкене құрылғылар, олар электрлі сәулені тиімді айналдыра алады және егер оларды көзге жақын ұстаса, онда қажетті энергия береді», ‒ дейді  Re-timer көзілдіріктерін жасаушы Леон Лэк. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары