$ 446.49  475.38  4.79

«Қайрат» Бельгия құрамасының ойыншысын өз қатарына қабылдады

Алматылық «Қайраттың» жаңа ойыншысы Марокконың тумасы, 24 жастағы бельгиялық Яссин Эль-Ганасси болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Эль-Ганасси әмбебап вингер болып табылады, ол өз карьерасын «Ла-Лувьер» клубында бастаған. Одан кейін «Гент» клубымен сатып алынған спортшы соның құрамында 111 ойын өткізіп, 15 рет гол соққан. Бұл клуб футболшыны ағылшынның «Вест Бромвич Альбион» (3 ойын, 1 гол), голландиялық «Херенвен» (12 матч, 5 гол) және БАӘ-нің «Әл-Айн» клубына (11 ойын, 1 гол) жалға берген. 19 және 21 жасына дейін Бельгия құрамалары үшін шыққан, активінде Ұлттық команда үшін бір матчы да бар.

Transfermarkt.de сайтының мәліметінше, ойыншының құны 1,5 миллион еуроны құрайды. Алайда «Гент» клубымен келісімшарты қыркүйекте аяқталғандықтан ол алматылықтарға тегін келген. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары