29-30 шілдеде «Қазақстан» СК-нің көлік тұрағында Атырау, Жамбыл және Қарағанды облыстарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің медиа-орталығы мәлімдеп отыр.
Жалпы 360 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері – 101 т, сүт өнімдері – 34 т, қант – 10 т, көкөніс – 153 т, нан және тоқаш өнімдері – 12 т және т.б.
Қарағанды облысы бауырсақтар және қымыз фестивалін өткізеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Арқа сазы» фольклор ансамблі концерттік бағдарламасын ұсынады. Өңірлік жәрмеңкелер ауылшаруашылық өнімдерін нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатып алу үшін өткізіледі. 5-6 тамызда елордада Солтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесі өткізіледі деп күтілуде.