$ 494.87  520.65  4.91

Теңге тағы да девальвацияға ұшырауы мүмкін

Доллар құны 450 теңгеге көтерілуі мүмкін! Қаржы сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Теңге бағасы, әсіресе, қарашаның соңына қарай сыр беруі ықтимал деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының түсуіне байланысты бюджет шығынын жабу керек. Сонымен қатар, түрлі жобаларға жұмсалған қаржы мен банктерді қолдауға бөлінген миллиондардың орнын толтыру міндеті тұр. Айналып келгенде, мемлекет мұның бәрін теңгені әлсіретудің есебінен жүргізуі мүмкін дейді білетіндер. Өйткені, қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер жапатармағай долларды сатып алып жатыр екен. Осындай жағдай екі жыл бұрын да болған еді. Сол кезде теңге қатты құлдырап, қара халық сан соғып, банктер пайдаға кенелген болатын.

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сарапшылар тобының жетекшісі:

- Менің ойымша, биыл қараша айының басында немесе соңына қарай Ұлттық банк теңге бағамын арзандатады. Нақты бағасын да айта аламын: доллар құны шамамен 420-450 теңгенің айналасында болады. Біз, әрине, тек болжаймыз. Бірақ, болжамымыз осындай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары