$ 448.89  477.93  4.76

Оралда күнделікті Ресейден әкелінген 300 көлік тіркеледі

Батыс Қазақстан облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті РФ-дан әкелінген 300 көлікті тіркейді, деп хабарлайды BNews.kz.

БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы ғимаратының жанында 2014 жылдың 19 желтоқсанынан, ресейлік рубль бағамы күрт төмендегеннен бастап кезек көбейді. Батысқазақстандықтар жақын жердегі Самараға машина сатып алуға бара бастады. Шекара өткізу бекеттерінде кезектер қалыптасты. Одан кейін бұндай кезектер Оралда да қалыптаса бастады. Азаматтар бастапқыда сертификаттау орталығына кезекке тұрады, одан кейін машинаны тіркеу үшін ІІД ӘПБ басқармасына барады.

«Біз күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз. Ресейден әкелініп жатқан барлық көліктер тіркелуде», ‒ деді БҚО ІІД ТЕБ басшысы Жанболат Жаншин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары