$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

Алматы облысында Жаркент қаласынан 10 шақырым қашықтықта шағын ұшақ құлап, салдарынан екі адам қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz.

"2017 жылдың 27 шілдесінде Алматы облысының Панфилов ауданы Шолақай ауылында, Жаркенттен 10 шақырым қашықтықта ЯК-12 ұшағы апатқа ұшырады.Салдарынан 2 адам қаза тапты. Олар әуеден химиялық жұмыстар атқармақшы болған. Қазір тергеу амалдары басталды", - делінген ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада.

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та растап отыр.

"27 шілде күні таңертең Алматы облысының Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, артынша өртенген. Ұшақ пилоты жүгері алқабын дәрілеу үшін әуеге көтерілгені анықталды. Пилоттан бөлек ұшақта тағы екі адам болған. Олардың екеуі де қайтыс болды", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары