$ 498.34  519.72  4.85

Сәтпаевта педофилді соққыға жыққан полицей кепілдікпен бостандыққа шықты

Сәтпаев қаласында 5 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген ер азаматты полиция бөлімшесінде соққыға жыққан полиция сержанты бұған дейін жұмыстан қуылып, өзі де қамауға алынған болатын. Енді оны туыстары кепілдік беріп бостандыққа шығарып алған. Дегенмен, оның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Полиция қызметкерінің баланы зорлады деген күдікпен ұсталған адамды ұрып-соғуы бойынша сотқа дейінгі тергеу 24 шілдеде басталды. Полицей іс-әрекеті үшін ұсталып, Жезқазғандағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қазіргі уақытта полиция сержанты туған-туыстарының өтінішімен уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Сәтпаев қаласы прокуратурасы арнайы прокурордың кепіл қолдану туралы қаулысын қабылдады", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде әлеуметтік желі қолданушылары мен Сәтпаев қаласының бірқатар тұрғыны педофилді ұрған полицейді қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жұмысына қайта орналасуын талап етіп түрлі акциялар ұйымдастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары