$ 448.15  483.46  4.86

Танысын өлтірген қылмыскер 12 жылға сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі «б» тармағы, 96-бабы 2-бөлігі «к» тармағымен айыпталған А.Бурлаковтың қылмыстық ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, А.Бурлаков таныс әйелмен ішімдік ішу барысында белгісіз бикешпен жақын танысуға мүмкіндік бермегені үшін екі арада келіспеушілік туындаған. Ақыры ол танысының басынан тоғыз мәрте соққы жасап, соның салдарынан әйел көз жұмған.

Алқабилердің қатысымен болған сот үкіміне сәйкес А.Бурлаков ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі «б» тармағы бойынша қылмыс құрамы болмағандықтан, ақталды. Ал ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. ҚР ҚК 60-бабы қолданылып, жазаны ішінара қосумен А.Бурлаковқа түпкілікті 12 жыл 6 ай мерзім кесілді. Ол жазасын ерекше тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Бұл ретте А.Бурлаковтың қылмысы аса қауіпті деп танылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары