$ 444.32  473.33  4.76

Жүз жылдан кейін бес мыңнан астам тіл жоғалады

2115 жылға қарай Жер шарындағы қазіргі алты мың тілдің бір мыңнан азы ғана қалады. Мұндай болжамды америкалық ғалымдар жасады.

Бұл объективті жағдайларға негізделген: шағын топтар үлкен қауымдастықтардың ықпалына түсіп, уақыт өте келе, олардың мәдениет, сондай-ақ тілін қабылдайды.

АҚШ-тың тіл ғылымы ғалымдары елді елең еткізген осы болжамын жариялады. Қазіргі кезде Жер шарында бар 6 мың тілдің ішінен 100 жылдан кейін тек бір мыңы ғана қалады. 5 мыңы із-түссіз жоғалып кетеді, - дейді ғалымдар.

Осыған сүйеніп, Wall Street Journal танымал ақпараттық басылымы оқырмандарына бір ғасырдың ішінде ғаламшарымыздан бес мыңнан астам тілдің жоғалатынын хабарлаған. Сондай-ақ, мамандар алдағы уақытта көптеген тілдердегі сөздердің жазылуы мен дауысталуы жеңілдетіледі деп ойлайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары