$ 448.15  483.46  4.86

Әлемдегі ең бай адамдардың тізімін Джефф Безос бастады

Amazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы америкалық миллиардер Джефф Безос әлемдегі ең дәулетті адамдардың көшін бастады деп мәлімдеді Forbes журналы. Бұған дейін бұл рейтингтің бірінші сатысы әйгілі Билл Гейтске тиесілі болып келген.

Безостың ең бай адам атануына Amazon акцияларының бейсенбі күні бірден 1,6 пайызға қымбаттауы себеп болған. Осының арқасында оның жиған ақшасы 1,4 млрд долларға артып, жалпы құны 90,6 млрд долларға жеткен.

Осылайша, Безостың дәулеті Microsoft компаниясының иесі Билл Гейтстің жиған дүниесінен 500 миллион долларға асып түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары