05.01.2015, 03:02

Астанада және Ақмола облысында жел күшейіп, бұрқасын болады

Сурет, ria56.ru

Астанада және Ақмола облысында қатты бұрқасын болады, деп ескертеді Skifnews.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, 5 қаңтар күні Астанада жел тұрып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыс желі күшейіп, жылдамдығы 15-20м/сек-қа дейін барады.

Сондай-ақ, Ақмола облысының көп бөлігінде боран болады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді.