$ 443.85  474.3  4.8

Қарағанды облысында полиция қызметкерінің өліміне кінәлі жүргізуші ұсталды

Қарағанды облысында полиция қызметкерінің өліміне әкеліп соқтырған жол оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы Теміртауда Жаңа жылдың алдында орны алды.

«Бейбітшілік даңғылындағы үйдің қасында Porsche Cayenne көлігінің жүргізушісі оны басқара алмай, алдында тұрған, ішінде полицияның 28 жастағы қызметкері отырған «Лада» көлігімен соқтығысты. «Лада» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды», – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің мамандары. 

Ведомствоның ақпаратынша, полиция қызметкері кезекті еңбек демалысында болған.

 «Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта Porsche жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары