$ 446.49  475.38  4.79

Ақтөбеде ІІБ ғимаратын «жармақ» болған азамат ұсталды

Ақтөбе қаласында 2015 жылғы 1 қаңтар күні сағат 20.35 минута «102» нөміріне белгісіз біреу қоңырау шалып, ІІБ ғимаратын жарып жібереетінін айтып, қоқан-лоққы жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша дабыл арқылы облыстың ІІД-нің барлық жеке құрамы тартылды. 

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады, ол 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ішімдікке тойған ол ІІБ ғимаратын жарып жіберу ниетін хабарлаған. 

Күдіктіден ұялы телефон, сим-карта түрінде заттай айғақтар тәркіленді.

Облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта террорлық акті туралы жалған ақпарат фактісі бойынша, оған ҚР ҚК 273-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҰИ қамалды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары