$ 443.85  474.3  4.8

Қостанайда ер адам көлігімен қоса өртеніп кетті

Қостанайда жаңа жыл түні 29 жастағы жүргізуші өртенген көлік салонында ажал құшты, деп хабарлайды Skifnews.kz Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Абай даңғылы мен Хакімжанова көшесінің қиылысында орын алған. «Мицубиси» көлігін басқарған жүргізуші жылдамдықты асыру салдарынан, рульге ие бола алмай бағдаршамнан өтіп кетіп, электр  желісіне соғылған. Аунап кеткен өздігінен отқа оранған.

«Өртті ауыздықтау барысында жүргізушінің мүрдесі табылды», – делінген хабарламада. Апат себебі мен келеңсіз жағдай алдындағы жүргізушінің жай-күйі туралы хабарланбады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары