Қазақстан аумағында фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты қалың қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ орын алып, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.
Қостанай облысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, күндіз боран соғады, түнде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, боранға ұласқан жел 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жел боранға ұласады, жылдамдығы -15-20 м/с.
Қарағанды облысында боранды жел 15-20 м/с-қа жетіп, тұман, көктайғақ орын алады.
Батыс Қазақстан облысының кей аумақтарында көктайғақ, боран болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Атырау облысының кейбір аумақтарына тұман, көктайғақ орын алса, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей аймақтарында тұман, көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстанда тұман түседі.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 20-25 м/с-қа жетеді.